Оқушылар сақтануды үйренеді

0 52

Елордалық оқушылар COVID-19 індетінің алдын алу шараларын үйреніп жүр. Елордалық мектептерде мейірбикелер бастауыш сынып оқушыларын КВИ-дан сақтану жолдарын үйретуде ойын түрін қолданып келеді.

Мектеп медицинасы жөнінде координатор Виктория Виниченконың айтуынша, мұндай шаралар балалардың жағымды эмоциялар алуына, сабақ алдында көңіл күйдің көтеріңкі болуына, санитарлық шараларды сақтау және игеруге өз септігін тигізеді.
– Біз жаттығу сабақтарын ойын түрінде өткізуді шештік. Мейірбикелер оқушыларды мектептің кіреберісінің алдында қарсы алады. Балаларға қолайлы жағдай жасау үшін мектептер ауласы түрлі-түсті безендірілген. Кіреберіс алдында арақашықтықты сақтау белгілері орнатылды. Осылайша балаларға әлеуметтік арақашықтықты қалай сақтау керек екенін көрсетеміз. Мұның бәрі балалардың санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін ұмытпауы үшін жасалады, – дейді Виктория Виниченко.
Сыныпқа кірмес бұрын оқушылар дезинфекциялық құралдармен қолдарын жуады. Антисептиктер еденнен 50 см деңгейде орнатылған. Сыныпта балалар үшін мейірбике қолды дұрыс жуу, масканы кию және шешу техникасын көрсетеді. Жаңа оқу жылынан бастап 28,5 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау бойынша оқу жаттығуларынан өтті. Бүгінде барлық білім беру мекемелерінде карантиндік шаралардың сақталуы туралы ақпарат материалдары, яғни жүру, бетперде кию және қол жуу ережелері бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 12 =