Оқушылар озығы

0 116

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда орналасқан мектептер арасында шаңғы жарысы өтті.

Спорт жарысына 27 мектептен 100-ге жуық шаңғышы қатысты.

Жарыстың қорытындысында, ер балалар арасынан №2 мектеп-гимназияның оқушысы Артем Миронюк үздік деп танылса, №19 орта мектеп оқушысы Виталий Лукашевич 2-ші орын иегері атанды. Ал, 3-ші орынды №61 орта мектептің атынан сынға түскен Тоқыш Аманжол еншіледі.

Қыздар арасында да тартысты бәсеке болды. Нәтижесінде, №2 мектеп-гимназия оқушысы Регина Муллахметова 1-ші орынға қол жеткізіп, №19 орта мектеп оқушысы Гузель Нурманова 2-ші орынға табан тіреді. Гузельмен бір мектепте оқитын Светлана Олонцева 3-ші орынды қанағат тұтты.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрғожина барлық жеңімпаздарды сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ, ауданда басқа да спорт түрлерінен өтетін жарыстарды атап өтіп, көпшілікті осы іс-шараларға қатысуға шақырды.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − 3 =