Ономастика комиссиясының құптарлық шешімі

0 230

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының ономастика комиссия­сының кезекті отырысы өтті. Аталмыш комиссия құрамында Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат пен қоғамдық кеңес мүшелері, белгілі қаламгерлер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері, атап айтқанда, Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Марат Әбсеметов, Алдан Смайыл, Дархан Мыңбай, Дәулеткерей Кәпұлы, Ерлан Дәкенов, Бауыржан Смайылов, Тілеуғали Қышқашбаев, т. б. елге танымал азаматтар бар.

255535390_2060807397418304_7756858395254065279_n

Комиссия төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың хабарлауынша, отырыста Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхамед Қонаев, Кемел Ақышев, Роза Бағланова, Өзбекәлі Жәнібеков, Фариза Оңғарсынова, Ермек Серкебаев сынды көрнекті тұлғалар есімдерін елорда мектептеріне беру жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ қала көшелеріне Жошы хан, Қалибек Қуанышбаев, Сафуан Шәймерденов, Әзілхан Нұршайықов, Сұлтан Сартаев, Әшірбек Сығай аттарын беру шешілді.

«Енді осы ұсыныстарды қолда­ныс­тағы заңнамаға сәйкес қалалық мәслихаттың көпшілік тың­дауына, қалалық қоғамдық кеңес жанындағы қоғамдық тыңдауға, одан кейін республикалық ­ономастика комиссиясына ұсынамыз. Тарихи тұлғаларымызды дәріптеу, ұлықтау ісі алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек» деді Асхат Оралов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =