Онлайн-жарыстар жалғасады

0 76

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін онлайн-жүгіру және веложүгіру жарыстары дәстүрге айналды.

Өткен демалыс күні елордалық әуесқой спортшылар мен ардагерлер арасындағы онлайн-жарыстардың үшінші кезеңі аяқталып, жеңімпазар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтті. Ағымдағы жағдайға байланысты санитарлық талаптар қарастырылған жарысқа 300-ден аса адам қатысты. Олардың арасында студенттер, жұмысшылар, әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер, әуесқой спортшылар және зейнеткерлер де болды.
Үшінші кезеңнің, яғни 10-23 қазан күндері аралығында онлайн режимінде, «STRAVA» мобильді қосымшаның сүйемелдеуі арқылы өткен жарыстың жүлдегерлеріне Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» атынан тағайындалған дипломдар мен медальдар табысталды. Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Дәулет Дәукенов жарыс жеңімпаздарына жылы лебіздерін білдірді.
Онлайн-жарыстар Конституция күні мерекесіне орай басталған болатын. Содан бері әр айдың 10-23 аралығында өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше онлайн-жүгіру жарыстары күз-қыс мезгілінде де жалғасатын болады.
Дәстүрлі онлайн-жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
40 жастан асқан ардагерлер арасындағы веложарыс – 15 км
I – орын Коянбаев Қайрат
II – орын Дюсембаев Тасболат
III – орын Алимжанов Марат
I – орын Беркалиева Мадина
II – орын Александра Шевчук
III – орын Баекешова Білімгүл.
18 жастан жоғары әуесқойлар арасындағы веложарыс – 25 км
I – орын Жолдас Дінмұхаммед
II – орын Ақан Олжас
III – орын Малкенов Жасұлан.
I – орын Өтегенова Махаббат
II – орын Аменова Гүлмира
III – орын Есенбаева Кенжегүл
40 жастан асқан ардагерлер арасындағы жүгіру жарысы – 5 км
І – орын Қоянбаев Кайрат
ІІ – орын Абуталиев Тұрар
ІІІ – орын Есжанов Жақсыбай
І – орын Акымбекова Алена
ІІ – орын Ибраева Ләззат
ІІІ – орын Баекешова Білімгүл.
18 жастан жоғары әуесқойлар арасындағы жүгіру жарысы – 10 км
I – орын Адилетова Еркежан
II – орын Старостина Дарья
III – орын Шерстнёва Наталья
Ерлер:
I – орын Бигалинов Асет
II – орын Жаңабергенов Асқар
III – орын Бекмұрзаев Құлын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =