Онлайн жарысқа қатысыңыз

Елордада 5 және 6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді

0 20

Қатысушылар стартты өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта бастауына болады, қатысушының деректері онлайн режимде жазылады.

#НұрСұлтанпаркchallenge2020 шақырымдық онлайн жүгіруге елорданың тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа қалалардың спортшылары мен әуесқойлары қатыса алады. Негізгі жарыстар 5 және 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында, шаңғы-роллерлік трассада өтеді. Сонымен қатар онлайн-жарыстар қаланың басқа жерлерінде де ұйымдастырылуы мүмкін.
«Басқа қалада болсаңыз да тіркеліп, арақашықтықты сақтап, бізбен бірге жүгіріңіз! Барлық тіркелген жүгірушілерге орналасқан жеріне қарамастан жүгіруге қатысуға мүмкіндік беріледі» делінген хабарламада.
5 км-де #НұрСұлтанпаркChallengе2020 қатысушысы болу үшін s10.run/tilda/ сілтемесі арқылы «ҚАЗІР ТІРКЕЛУ» батырмасын басып, тіркелуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − seven =