Онлайн жарысқа 90 ойыншы қатысты

0 38

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы ұйымдастырған студенттер арасындағы республикалық онлайн чемпионат мәресіне жетті.Қашықтық байланыста өткен жарысқа еліміздің 48 жоғары оқу орындарынан 90 спортшы қатысты. Ерлер арасындағы бәсекеде Павлодар педагогика университетінің студенті Р.Керейбаев жеңімпаз атанса, қыздар арасындағы біріншілікте де осы университеттің студенті А.Абдаханова топ жарды.
Сонымен қатар федерацияның бастамасымен белгілі спортшылар арасында онлайн ойындар ұйым­дас­тыру да жүзеге асырылып отыр. Мәселен, жақында әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия жеңімпазы, ақтөбелік Нұрбек Қабиев пен Еуропа кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы, астаналық Құндыз Есіркеп онлайн матчқа шықса, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Серік Ақтаев пен Әлем чемпионы Гүлжанат Алдабергенова шеберлік сабақтарын өткізді.
Федерация тарапынан ұйымдас­тырылып жатқан жарыстар мен іс-шаралар әлеуметтік желідегі бейнежазбалар арқылы барлық тоғызқұмалақ әуесқойлары үшін де қолжетімді болып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =