Онлайн-жарыс жеңімпаздары

0 25

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден аса спортшы  «Нұр-Сұлтан паркі Challenge 2020» онлайн-жүгіру жарысына қатысты.Бұл онлайн-жарыс 5-6 қыркүйекте өтсе де, жеңімпаздардың есімі бүгін жарияланды. Ол елорданың Орталық саябағында ұйымдастырылды. Бірақ оған арнайы мобильдік қосымша арқылы әлемнің түрлі елдерінен спортшылар қатыса алды. Жарысқа Латвия, Ресей, Италия, Швеция, Беларусь және Қазақстанның көптеген қалаларынан кәсіби спортшылар келді.
Сонымен жарыстың жеңімпазы, Ресей Федерациясының жеңіл атлетика құрамасының мүшесі Алла Сидорова болды. Екінші орынға ҚР Ұлттық құрамасының қашықтыққа жүгіруге маманданған спортшысы Татьяна Нерознак көтерілді. Үшінші орынды Латвия құрамасының мүшесі, кәсіби спортшы Dmitrijs Serjogins алды. Далалы алқапта 5 км жүгірген Атырау облысының тұрғыны Жалғас Мұғамилинге де жүлде бұйырды. Айта кетейік, жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар өз жүлделерін қайырымдылық мақсатқа жұмсады. Жарысты елордалық «Magic park Astana» паркінің басқарушы компаниясы, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 6 =