Онлайн семинар ой салды

0 13

Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында онлайн семинарлар сериясы өтіп жатыр. Іс-шара «Рухани жаңғыру» сананың ашықтығын оқыту семинар-тренингі аясында ұйымдастырылды.

Алғашқы семинар «Саяси мәдениет» тақырыбында өтті. Саясаттанушы Индира ­Рыстина баяндама жасады. ZOOM платформасы арқылы өткен шараға М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU қызметкерлері белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның басты мақсаты – «Құқықтық мәдениет» атты арнайы жоба аясындағы саяси жүйе құрылымын түсіндіру, саяси сауаттылықты арттыру.
Семинарлар сериясы әрі қарай «Тіл және мәдениет» оқыту дәрісімен өрбіді. Бұл басқосуда ғалым Серікзат Дүйсенғазы тіл саласында баяндама жасады. Онлайн жиында жұртшылықтың ой-пікіріне құлақ түріп, туындаған сауалдарына жауап берді. Семинардың үшінші күні қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы жетекшілік етіп, «Білімнің салтанат құруы» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 6 =