Онлайн-қабылдау тұрақты өткізіледі

0 16

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн-форматта қабылдады. Елордалықтар тұрғын үй бағдарламасына қатысу, әлеу­меттік көмек алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, бизнес ашу (антисептиктер өндірісі) мәселелерін көтерді. Сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру туралы да сауал қойылды.«Елордада карантин режимі енгізілгенін ескере отырып, азаматтарды онлайн қабылдап жатырмыз. Осы аптада екі күн онлайн қабылдау өткіздік.
Азаматтар тұрғын үй мәселелерін, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелерді көтерді» деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Елорда әкімі Мемлекет басшылығының әлеуметтік шараларға әрдайым көңіл бөліп келе жатқанын айтты. Оның мәліметінше, 30 сәуірдегі деректерге сәйкес елордада 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 284 мыңнан астам адам алды. Бұл – 12 миллиард теңгеден астам қаражат. «Nur Otan партиясынан бірінші кезең аясында қалада 14,5 мың тұрғын 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Екінші кезең бойынша төлемдер беру басталды. Шамамен 1,4 млрд теңге көлемінде 28 мыңнан астам тұрғынға материалдық көмек көрсетіледі. Халықты қолдаудың басқа да шаралары іске асып жатыр» деді қала басшысы.
Қала басшысы азаматтарды онлайн-форматта қабылдау тұрақты негізде өткізілетінін хабарлады. Бірқатар мәселелер қабылдау барысында шешілсе, қалғаны жоспарға алынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × five =