Онлайн көрме өтеді

0 55

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі елордалық оқушыларға үздік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен онлайн-көрме өткізеді.

Елорда мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған онлайн-көрме кеше сағат 15:00-де Zооm платформасында басталып, бүгін де жалғасады. «Мамандық және мансап» онлайн-көрмесі талапкерлерге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Мектеп бітіргеннен кейін үздік ЖОО таңдау – талапкерлер үшін жарқын болашақ кепілі. Шара аясында еліміздің үздік университеттері талапкерлерге өз бағдарламаларын ұсынады. Соның ішінде оқуға қабылдау ережелерімен танысуға болады, грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары туралы біліп, рейтинг жасауға мүмкіндік бар. Оқушылар кері байланысқа шығып, жоғары оқу орнының өкіліне сұрақтар да қоя алады. Онлайн-көрменің бірінші күні Алматы қаласының, екінші күні Нұр-Сұлтан қаласының университеттері кеңес береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − fifteen =