ОНЛАЙН БИЛЕТ АЛҒАНДАР ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

0 175

gggg

Елімізде теміржол билеттерін электронды сату жүйесі дамып келеді. Жыл басынан бері электронды әдіспен 570 037 билет сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көбейгенін айғақтайды

Жуырда ғана іске қосылған  интернет арқылы билет сатып алу жүйесі бұл қызметті одан әрі оңтайландыра түсті.  Жаңа жоба бойынша  билетті рәсімдеу қашықтықтан жүргізіледі. Жол жүру билеті кәдімгі принтер арқылы басып шығарылады. Ал, жолаушыларды пойызға отырғызу электрондық тіркеу арқылы жүзеге асады.

Бұл әдіс пилоттық жоба  ретінде Алматы-Астана,  Орал-Астана,  Атырау-Алматы, Ақтөбе-Астана  бағыттарына енгізілген. 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарын электрондық сатып алудың осы әдісімен қамту көзделуде.

Интернет желісіне қосылған компьютер арқылы билет сатып алған жолаушы, бұрынғыдай кассаға жүгінбей, тікелей пойызға барады. Қолданысқа енгізілген бір ай уақыт ішінде бұл қызметті 100 адам пайдаланған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ интернет арқылы билет сатып алған 100 жолаушының алғашқы ондығын  марапаттады.  Атап айтқанда, Малика Зуева, Ержан Кәкібаев, Муса Бадирханов, Хамзия Хайдар есімді жолаушыларға арнаулы естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + fifteen =