ОҢТҮСТІКТІҢ ӨНЕРІ ӘН-КҮЙГЕ БӨЛЕДІ

0 186

Ән мен күй әлдилейді Астананы

«Конгресс-холл» сарайында «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты мерекелік концерт өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ұйымдастырылған кеш елорда күніне арналды.

Бірнеше кезеңге бөлінген шарада өңірдегі эстрада әншілері, «Сүгір» ұлттық музыка аспаптары оркестрі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі және облыстық опера және балет театрының «Қазына» би ансамблінің әртістері өнер көрсетті.

Екі жүзге тарта өнер иелері қатысқан кешке көрермен көп жиналды. Әншілер негізінен оңтүстікте туып-өскен ақындар мен композиторлардың Астана туралы шығармаларын орындады. Сонымен қатар ұмыт бола бастаған, сирек айтылатын ескі әндер жаңа нұсқада, ерекше әрленген әуенмен шырқалды. Тұсауы кесілген бірнеше ән көрермен көңілінен шықты.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова бұл шараның маңызы зор екенін жеткізді. «Біз астаналықтарды өнерімізбен тәнті еткенімізге қуаныштымыз. Бас шаһардың сәні мен салтанатының жарасымына аз да болса үлес қосқанымыз үшін де мақтанамыз» деді ол.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =