ОҢТҮСТІКТЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

0 113

Астанадағы №80 мектептің оқушысы Айбек Наралиев Шымкент қаласында өткен дойбыдан Қазақстан Рес­пуб­ликасы чемпионатында жүлделі орынға қол жеткізді.

Он екі жасар елордалық Айбек Наралиев – спорт шеберіне үміткер. Ол ерлер арасында өткен біріншіліктің күміс жүлдесін ұтып алды. Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі жастар арасында болған додада алтыннан алқа тақты.
Бұл зияткерлік сайысына Астана, Алматы, Шымкент, ОҚО, Ақтөбе және Орал, Қарағанды, Қостанай облыстарынан 60 спортшы қатысты.
Айбектің жаттықтырушысы Ғалымжан Сапарұлының айтуынша, Астанада ерлер арасында ел чемпионы болған екі дойбышы бар. Олар – 13 жасында чемпион болған Есбол Еренғайып пен 15 жасында бәрінен үздік болған Арғын Әділ.
Ал осы біріншілікте ерекшеленген Айбектің бүгінге дейін жетістіктерін атап айтар болсақ, оның еншісінде Азия чемпионатының үш алтыны және Әлем чемпионатының бір күмісі бар.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × two =