Оңтайландырудың оң нәтижесі

0 66

Нұр-Сұлтан әкімдігінің жергілікті бюджетті оңтайландыру шаралары нәтижесінде 32 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделді.Оңтайландыру барысында әкім­дікке қарасты ұйым­дардың басшылық құрамы қысқартылды. Бірқатар кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылып, сенімді басқаруға берілді. Мәдени-бұқаралық іс-шаралардың саны қысқартылды және басқа да шаралар атқарылды. Нәтижесінде бюджетті оңтайландырудың жалпы сомасы 32 млрд теңгеден асты.
«Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік және квазигосектордың өнімсіз шығыстарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Оңтайландыру есебінен үнемделген қаражат әлеуметтік салаға бағытталды. Экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымды қолдауға 14,5 млрд теңге бөлінді. 3,6 млрд теңге білім беру, денсаулық сақтау салалары мен әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. 3 млрд теңгеден аса қаражат әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін беріледі. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті қолдауға септігін тигізеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − twelve =