Өңірлік қатынастар өзегі ндей

0 117

Кеше Ташкентте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапар аясында Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездесті.

Мемлекет басшылары экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті бұл кездесу И.Каримовтың былтырғы сапары аясында жүргізілген Қазақстан-Өзбекстан келіссөздерінің жалғасы болып саналатынын атап өтті.

– Қазақстан мен Өзбекстан – өңіріміздегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті, сауда мен әл-ауқаттың ақорда артуын қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттер. Біз ортақ жауапкершілікті терең сезіне отырып, жағдайға келіссөздер жолымен ықпал етуге ұмтыламыз. Өңірде су ресурстары, энергетика, азық-түлік жөнінде бірқатар мәселелер бар, халықаралық тәжірибедегідей, біз оны басқа мемлекеттердің араласуынсыз өзіміз шешуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда ешқандай даулы мәселелер жоқ екенін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − four =