ӨҢІРЛЕРДІҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ

0 153

Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде бас қосты.

Оңтүстік Қазақстан облысында 20 этномәдени бірлестік және қалалар мен облыстарда елуден астам филиалдары жұмыс істейді. Қазіргі таңда екі жүзден астам бұқаралық ақпарат құралдарының 21-і орыс, 9-і өзбек тілінде шығады. Өңірдегі 1022 орта мектептің 56-сы мектепте өзбек, үшеуі тәжік, 9 мектепте орыс тілінде оқытылады. 213 аралас тілде оқытатын мектеп жұмыс істейді. Облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары бар. Осы жөнінде облыс­тың Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері журналистерге мәлім етті.

Ал, Қостанай облыстық Достық үйінің директоры Антон Труханов өңірде іске асырылып жатқан толеранттылыққа тәрбиелеу жөнін­дегі жобалар туралы әңгімелеп берді.

«Қостанай қалалық Білім бөлімі толеранттылыққа тәрбиелеу жөнін­дегі үлкен жоба әзірледі және ол тек мектепалды және кіші мектеп жасын­дағы сыныптарға ғана арналып отырған жоқ. Бұл курс бүкіл мектеп бағдарламасын қамтып отыр» деді А.Труханов өз сөзінде.

Оның айтуынша, Ассамблея мұнымен қатар өңірде де белсенді жұмыс жүргізуде. «Осыдан бірнеше жыл бұрын «Этномәдени экспедиция» деген жобаны қолға алған болатынбыз. Ондағы мақсат облыс­тағы аудандар мен қалаларда жұмыс істейтін этномәдени бірлес­тік­термен танысу болды. Кесте бойынша аудандар мен қалаларға шығып, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізіп отырдық» дейді Достық үйінің директоры.

Айгүл УАЙСОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =