Өңдеу өнеркәсібі 12 есе ұлғайды

0 30

Соңғы 10 жылда елорданың өңдеу өнеркәсібі 10 еседен астам өсті. Бұл сектор мегаполистің барлық өнеркәсібінің 87 пайызын құрайды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда өңірлердің, соның ішінде елорданың индустрияландыру және өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінгені мәлім. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлағандай, соңғы 10 жылда өнеркәсіптік өндірістің көлемі он еседен астам – 111,3 млрд-тан 1184,4 млрд теңгеге дейін өскенін, бұл ретте өңдеу секторының көлемі 112 есеге (84,8 млрд-тан 1080,8 млрд теңгеге дейін) ұлғайған. Осы кезеңде елорда аумағында 30-ға жуық ірі және 32 орта өнеркәсіптік кәсіпорын құрылды. Бұл – өте үлкен жетістік. Сала мамандары «Тау-кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытын, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотив құрастыру зауыты, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС электровоз құрастыру зауыты, «Тұлпар» ЖШС вагон жасау зауытын өңдеу өнеркәсібінің локомотивтері деп санайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + twelve =