Оңалту орталығында оң өзгерістер

0 39

Елордадағы «Erekshe balalar» оңалту орталығында әр балаға берілетін бір күндік қаржыландыру сомасы екі есеге артып, әлеу­меттік қызметкерлердің жалақысы өсті. Орталық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған жаңа ғимаратқа қоныстанды.

«Erekshe balalar» оңалту орталығындағы әр балаға кететін бір күндік қаржыландыру сомасы 2019 жылы 2820 теңге болса, қазіргі таңда 4500 теңгеге артты. «Қазір орталықта қызмет көрсету сапасы артып, балалардың ас мәзіріне ерекшеліктер енді. Бейнебақылау камерасының көмегімен ата-аналармен байланысты нығайттық, жұмысымыз жеңілдеді. Бұдан бұлай, ата-аналар баласының не істеп жат­қанын қашықтан бақылай алады» дейді орталық директоры Алия Ахметова.
Бүгінгі таңда орталыққа бейімді дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру, тәрбиеші, бала күтуші, психолог пен логопед мамандары қажет. Атап айтқанда, 30 қызметкердің орны бос тұр.
Жалпы, орталықта БЦП диагнозы, аутизм, Даун синдромы бар 74 балаға көмек көрсетіледі, сонымен қатар 20 балаға қажетті құжаттар жинастырылып жатыр.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ, студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =