Оң өзгерістер аңғарылады

0 35

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов «Жол картасы» бағдарламасын дамытуды, оны жүзеге асыруды басты назарда ұстады. Бұл істің оңтайлы орындалуына аудан басшысы тиісті құрылымдарға іскерлік пен жауапкершілік жүктегені анық.

Жаз мезгілінде «Пригородный» тұрғын алабында жаяу жүргіншілер өткелдері толығымен жаңартылды, ені де кеңейтілді. Балалар үшін заманауи спорт алаңдары жаңа жаттығу құралдарымен қоса жабдықталды. Құрылысшылардың да ерен еңбегін айта кеткен жөн. Абаттандыру бойынша жол жиегіне қарағай егілді. Балалар жан-жағы қоршалған, төбесі торланған кеңейтілген футбол алаңында жаз бойы рахаттанып ойнады. Бұл ретте адам жанына қуат беретін, үмітіне қанат бітіретін игі істер мұратты мақсатқа жігерлендіреді.
Елордаға келген әрбір адам – өз өмірінің қожасы, сондықтан да ол табандылықпен әрекет жасауы тиіс. Өмірден, қолайсыз кезеңдерден түңілмеуі керек. Бұл індеттен де аман-сау өтетінімізге сенімді болайық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халық даналығы. Бүгінде жастар ел экономикасы мен руханиятының дамуына елеулі үлес қосып жүр. Олар білім мен ғылымның қадір-қасиетін, пайдасын жедел қарқынмен дамыған заманның талабы екенін жақсы біледі. Әсіресе IT технологиясына аса зор мән беруде. Жастардың қолынан бәрі келеді. Жер-жаһанды шарпыған індеттің кезінде де жастар қажырлы еңбек етті. Халық та оларға дән риза.
Елорда жастары мақсат ­қоюды және оған қол жеткізуді меңгерген. Үкімет те оларға зор қолдау көрсетуде. Қоғамда ең тиімді жолды таңдап, нәтижелі түрде дамуға болады. Бізде мүмкіндіктер жетерлік. Жастардың әрекетіне қарап қуанасың, марқаясың!

Жамал
АХМЕТҚОЖАҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 10 =