«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өнертапқыштар мектебі

0 24

Ұлттық зияткерлік меншік институтында «Жас өнертапқыш мектебі» атты кезекті оқыту семинары өтті.

өнертапқышш

Шараның мақсаты – ­Қазақстанның бәсекеге қабілетті азаматтарын тәрбие­леу, өнертапқыштық еңбек нәтижелерін тиімді пайдалану негізінде шикізаттық экономикадан жоғары технологиялық экономикаға көшу. Өскелең ұрпақ үшін «Жас өнертапқыш мектебі» оқыту семинарларының сериясын 2020 жылы бастаған еді.

Елорданың жас зерттеу­шілері зияткерлік меншік негіздері бойынша кіріспе дәрістерді қызығушылықпен тыңдады, өнертапқыштық негіздері бойынша танымдық тренингтерге, викториналар мен интерактивті ойындарға қатысты, сондай-ақ патенттеуде тәжірибесі бар жас өнертап­қыштармен кездесіп, жоғары сынып оқушыларына арналған республикалық жарыстар өткізілетіні туралы ақпарат алды. Бұл зияткерлік іс-шараға жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсы қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Нұр-Сұлтан қаласының 140 оқушысы қатысты. Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталып, белсенділік танытқан оқушылар естелік сыйлықпен марапатталды.

Айта кету керек, жақында дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Дінмұхаммед Омар IJSO беделді халықаралық олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды