Өнертапқыш студент

0 12

Астана медициналық университетінің жалпы медицина факультетінің 5 курс студенті Райгүл Рысқали хлор иондары жоқ дезинфекциялаушы жуғыш ойлап тапты. Жас ғалым жаңа туындысымен республикалық байқауда бақ сынауда.

Райгүл дезинфекциялаушы жуғышты бір айдың ішінде ойлап тапқан. «Синтетикалық жуғыш зат» жобасының авторы, химик-технолог, экологиялық жуғыш заттарды жасаушы Маржан Досмағамбетова жас ғалымға ең алғаш осы құрал туралы идея ұсынған екен. Дезинфекциялық жуғыштың басқалардан басты айырмашылығы – хлор иондарының болмауында. Осы уақытқа дейін 100 литрі шығарылып, Райгүлдің жақын туыстары, достары мен таныстары қолданып көрген. Нарықта жуғыш құралды одан әрі өндіруге инвесторларды тарту мақсатында жас ғалым «Шапағат» республикалық өнертапқыштар байқауына қатысуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 2 =