ӨНЕРЛІ ӨРЕН

0 145

Баланың балалық шағы дұрыс болса, келешегі де оң болары даусыз. Сол себептен отбасында қатыгездікті емес, мейірімділікті, рахымшылдықты көп айту керек.

Менің төрт балам, тоғыз немерем, бес шөберем бар. Соның ішінде Абылайхан деген немеремді ерекше жақсы көремін. Кішкентай күнінен атасы мен әжесінің бауырында өсті. Ес білгеннен бастап әліппе үйретіп, есеп шығартып, мектепке дайындадық. Ол соның бәрін зейін салып тыңдады. 2011 жылы қаладағы №66 мектептің бірінші сыныбының табалдырығын аттап, алтыншыға дейін үздік оқыды. Мектептегі үздік оқушылардың тақтасында фотосы ілінді. Сабақтан бос уақытында каратэ, шахмат, гимнастика секілді үйір­мелерге қатысып, спорт залдан шықпады. Қалалық Х.Омаров атындағы шахмат клубында өткен чемпионаттарда жақсы ойын өрнегін көрсетіп, II разрядтың иегері атанды. Джиу-джитсу күресіне қатысып, одан да ойдағыдай табыстарға қол жеткізді. Алты медаль жеңіп алды. 2016 жылы Абу-Даби қаласында өткен халықаралық джиу-джитсу ойындарында үшінші орынды қанжығасына бөктерді.
Биыл немерем Назар­баев зияткерлік мектебіне тү­су үшін жаз бойы дайындалып, сынақтан жоғары баға алып, жетінші сыныпқа қабылданды. Оның бәрі сүйік­ті немеремнің оқуға деген ынтасын дұрыс бағыттай білген ұстаздарының арқасы деп біле­мін.
Абылайханның келешегінен көп үміт күтемін. Оның еліміз­дің бас қаласы – Астананың жақсы азаматы болуына тілек­теспін!

Мағзұм БАЛТАБАЙҰЛЫ,
ұстаз, еңбек ардагері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =