Өнерлі орданың өрісі

0 61

Елордамыздағы №1 Балалар музыка мектебіне биыл 30 жыл толып отыр.

15904284318

Мектеп мақтан тұтатын және жылы достық қарым-қатынаста болатын мыңдаған оқушыларды шығарды. Жыл сайын бірінші сынып оқушылары – мұғалімдердің үміті, тәлімгерлердің қуанышы. Мектеп қазіргі өмір тенденцияларына сәйкес дамып келеді. Сонымен қатар, бүгінгі нәтижелерге жету үшін көп жұмыс жасалуда, ерекше айтып кететін 2004 жылы құрылған «Балауса» фольклорлық ансамблі жетекшісі Сағатова Айгүл Жайлауовна және «Тұмар» қобызшылар ансамблі жетекшісі Кентбаева Гүлнар Бейсенқызы.

«Балауса» ансамблінің жетекшісі А.Сағатова ұлттық музыкамызды,  көнеден келе жатқан шертер, шаңқобыз, қылқобыз, жетіген, дауылпаз аспаптарын әр балаға жеке үйретіп, ансамбльге қосып үлкен жетістіктерге жетуде. Ұжымның басты міндеті – қазақтың дәстүрлі музыкасы мен Қазақстанның қазіргі заман композиторларының шығармаларын насихаттау болып табылады.

«Тұмар» қобызшылар ансамблінің жетекшісі Г.Б.Кентбаева ұлттық музыкамызбен қатар дүниежүзілік үздік музыка өнері мен шығармаларына баулып, әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейтіп, көркем талғамын қалыптастыруда.

Ансамбльдер құрылғалы мектебімізде, қалалық сахналарда, елордамыздың төрінде өтетін ғылыми-практикалық конференцияларда жоғары деңгейде өнерлерін көрсетіп жатады. Жылда өтетін қалалық, республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие. Мектептің ұйымдас­тыруымен өтетін шығармашылық концерттер, елорда күніне арналған «Сәлем, елорда» мерекелік концерті, Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шараларда, «Наурыз-думан» қалалық концерттерде атап айтсақ:  Қазақстандағы АҚШ елшілігінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында өтетін іс-шараларда, «Балам-ай» қайырымдылық қорының кештеріне қатысып, өнер көрсетеді.

Жанар ОРАЛБАЕВА,

№1 Балалар музыка мектебі директордың орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 2 =