Өнеркәсiптi – Өрге, Өнердi – төрге

0 96

Астана қаласының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы – елордамыздың индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз етiп, мемлекеттiк бағдарламалар шегiнде өнеркәсiппен шағын және орта бизнестi дамытуға күш салып отырған маңызды мекеме. Қала кәсiбiне қан жүгiртiп, мемлекеттiң бизнес секторының әлеуетiн дамытуға бағыттайтын басқарма бақылауындағы маңызды жобаның бiрi – «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы.
Аталмыш кәсiпкерлiк бағдарламаны жүзеге асыруда үш бағытты көздеп отыр. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мақсатында, заңнамалық және экономикалық тұрғыдан ақыл-кеңес беру үшiн республикалық бюджеттен 50 млн теңге көлемiнде қаражат жұмсау көзделген.
Қазiр сонымен қатар, «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында iскерлiк байланысқа ерекше мән берiлiп отыр. Яғни, елордада iскерлiк байланыс бойынша 2 бағытта жұмыс қолға алынған. Оның алғашқысы ел iшiнде iскерлiк байланысты кеңейту аясында түрлi тренинг, форум, семинар ұйымдастырылса, сондай-ақ, елордалық кәсiпкерлердi басқа аймақтардан келген ШОК өкiлдерi сияқты «Назарбаев университетiнде» топ менеджмент курсынан өткiзу көзделген.
2011 жылы қаланың 70-ке жуық кәсiпкерi тегiн оқуға өтiнiш бiлдiрген екен. Сонымен қатар, 6 астаналық кәсiпкер аталмыш оқу ордасында Американың Дьюк университетiнiң ұстаздарынан бiлiм алып, бiлiктiлiктерiн арттырған.
Қала аумағында негiзгi азық-түлiк бағасын тұрақты ұстап, азық-түлiк белдеуiн қалыптастыруда да Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бағдарламасы тарапынан өткiзiлетiн жәрмеңкенiң орны бөлек. Ең бастысы, дәстүрлi шара аясында астаналықтар арзан әрi сапалы азық-түлiк өнiмiмен қамтамасыз етiлiп отыр.
Сонымен қатар, аталмыш мекеме республикалық «Әйелдер кәсiбiн қолдау» бағдарламасы бойынша да екiншi деңгейлi банктермен келiссөздер жүргiзiп, бизнес-вумендердiң жеңiлдiкпен кәсiбiн дөңгелетуiне қолдау көрсетiп отыр.
Жалпы, 2011 жылы Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының мәлiметi бойынша, қалада барлығы 87 621 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген екен. Оның 27 217-i кәсiпорын, ал 60 404-i жеке кәсiпкер.
Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы жуырда тағы да ерледi. Жалпы-халықтық сипат алған Наурыз мейрамы аясында өткiзiлген «Армысың, әз-Наурыз» атты қалалық байқауда «Шапағат» коммуналдық базары алаңында көпке дүбiрлi той ұйымдастырды. Бұл күнi Қызыр баба түйеге мiнiп, қонақ болып, халыққа бата бердi. Ұлттық болмысымызды айшықтаған кеште салт-дәстүрiн қайта жаңғыртып, жиналған қауымға тойдан шашу шашқан Кә-сiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы наурыз байқауында екiншi орынды иелендi.

Серiкгүл СҰЛТАНҚАЖЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − nine =