Өнерін онлайн тамашалаңыз

0 49

«Астана Опера» театры өз репертуарындағы спектакльдер мен концерттердің онлайн көрсетілімдерін одан әрі жалғастырып жатыр. Кеше өнер ошағы көрермендерге тоқсан жылға жуық тарихы бар «Қыз Жібек» операсын ұсынды. Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов либреттосын жазған бұл туындыны белгілі режиссер Михаил Панджавидзе мен дирижер Абзал Мұхитдинов жаңа оқылымда ұсынған болатын. Онда заманға сай 3D технологиясы қолданылып, көрермендер әсерін күшейте түсті.

Жалпы, осы аптаның аяғына дейін көрермендер осы театрдың тағы бірнеше қойылымдарын тамашалай алады. Ертең «Заман тынысы» атты бір бөлімді балетін көруге болады. 25 шілде күні заманауи латын америкалық музыка мен джаз ырғақтары классикалық музыкамен астас­тырылған А.Вивальди мен А.Пьяццолланың «Жылдың сегіз мезгілі» концерті ұсынылады.
Жексенбі күні «Театрға саяхат» топтамасынан балаларға арналған «Түрлі дауыстар әлемі» концерті көрсетіледі. Мұнда сопранодан бастап опера дауыс­тары туралы қызықты да танымдық әңгімелер айтылады, ал театр солистері Л.Хамиди, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, В.А.Моцарт, А.Холминов, Р.Леонкаваллоның туындыларынан белгілі ария­лар мен дуэттерді және неополитандық әндерді, тағы басқа туындыларды орындайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − nine =