Өнері үздік өрен

0 147

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдегі «Голос. Дети» финалында ән шырқап, екінші орын алған жас өрен Ержан Максим және оның анасы Гүлмира Әлібекпен кездесті. Министр Ержанды айтулы жобада табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

– Қазір елімізде өнерлі жастарымыз көп. Жуырда АҚШ-тағы «The World’s Best» байқауында Данэлия Төлешова жақсы өнер көрсетіп, Димаш Құдайберген финалға шығып, өз жолын Данэлияға берді. Енді солардың ізін қуып шыққан Ержан Ресейдегі үлкен байқауда жоғары орын иеленіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Сондықтан жас талантқа сәттілік тілеймін, – деді ол.
Ержан кішкентай күнінен ән айта бастаған. Бес жасында «Балдәурен» байқауына қатысып, жүлделі орын алған. Осыдан оның сахнадағы жолы басталды. Жеті жасында Мәскеуде өткен «Бегущая по волнам» конкурсында көрермендердің ыстық ықыласына бөленген. Қазір ол көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерді. Айтпақшы, Ержанның атасының аты Мақсым екен. Тек құжат бойынша Мақсым Максим болып жазылып кетіпті. Оның өзі: «Димаш ағамдай болсам» деп армандайды. Жас әншінің анасы Гүлмира да баласына қолдау білдірген барша жұртшылыққа ізгі лебізін жеткізді. Кездесу соңында Мәдениет және спорт министрі Ержанға елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде тегін оқу грантын тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =