Өнердің төресі – төрде

0 27

Ұлттық музейде «Өнер төресі» атты мұражай қорынан жинақталған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды.

Көрмеге өткен ғасырдың екінші жартысындағы шеберлердің қолынан шыққан айшықты дүниелер, сондай-ақ заманауи суретшілердің киізден, ағаштан жасалған еңбектері, инсталляциялар, гобелендер, зергерлік бұйымдар секілді 70-тен аса туындылар қойылды. Сонымен бірге келушілер Мұхамеджан Зейнелхан, Бәтима Зәуірбекова, Сәуле және Әлібай Бапановтар, Сержан Баширов, Эдуард Казарян, Латиф Қазбеков, Тілеужан Батанов секілді қолтаңбасы қалыптасқан қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен танысты.
Халқымыздың ғасырлар қойнауынан бастау алатын қол­өнеріне негізделген сәндік-қолданбалы өнері ұлттың әдет-ғұрпымен, өмір салтымен, эстетикалық көзқарасымен тығыз байланыс­ты. Сондықтан да экспозицияда ұсынылған бұйымдар халқымыз­дың мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін жұртшылыққа шынайы жеткізе білді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =