Өнерде шекара болмайды

0 15

«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Расул Жармағамбетов және Ресей Үлкен театрының шақырылған солисі Василий Ладюк Жеңіс күні «Тырналар» халықаралық онлайн-жобасына қатысып, «Астана Опера» симфониялық оркестр музыканттары мен хор әртістерінің сүйемелдеуімен әйгілі «Тырналар» әнін орындады.Бұл әсерлі әннің сөзін атақты ақын Расул Ғамзатов, музыкасын композитор Ян Френкель жазған. Жүректі толқытып, көзге жас үйірер туынды қанды майданда қаза болған жауынгерлерге арналған.
– Әріптестеріммен бірге осынау аңызға айналған композицияны орындау мен үшін үлкен қуаныш болды. Өнерде шекара болмайды, қайта ол адамдарды жақындатады. Жеңіс мерекесі – баршамызға ортақ тарих, оны естен шығаруға болмайды. Бейбіт өмір үшін күрескен батырларымыз мәңгі есімізде, оларды мақтан тұтамыз. Бұл жоба – соғыс жолын жүріп өткен бабаларымыз­дың рухына тағзым етіп, арамызда тірі жүрген соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, – дейді Талғат Мұсабаев.
Айта кетейік, бұл жоба Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен бірлесіп жүзеге асқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + eight =