Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өнеге

0 222

Бір кездері әлеуметтік желілерде бір видео шарлап кеткен-ді. Еңкейген қария қалта телефоным істемей қалды деп жас балаға тексертеді. Көздерінде телефонның үнсіз қалғанын баласынан емес, техниканың ақаулығынан көргісі келіп тұрғаны сезіліп-ақ тұр. Алайда баласының жүрегі темірден болса не шара. Қарттың жүрегіне шегедей қадалған: «Телефон істеп тұр, балаңыздың өзі шығар хабарласпай жүрген» деген кесім қарияны мүлдем есеңгіретіп жібереді.

Жақында сөзден сөз шығып, бір әулеттен өсіп-өнген 10 баланың ата-анасына деген құрметін қалай білдіріп жүргенін естіп риза болдым.
Сексеннен асқан ата-анасының хабарын күнде білмек болып алты қызы мен төрт ұлы кезекпен хабарласып тұруды дәстүрге айналдырған. Келісім бойынша алды немерелі болып жатқан он бала қарттарымен тек қуанышымен ғана бөлісуі шарт. Олардың жүрегіне кірбің түсіретін жайттарды білдірмеуге ұйғарады. Он жақтан қатар хабарласқан күндері де болған. Бұл күн – әдеттегі мемлекеттік емес, отбасылық, екі қарттың жеке мерекесі. Апамыз кейде қулыққа да барады екен. Кейде кезегін ұмытып кеткен тентегінің дауысын есту үшін алақандай ғана телефонның батырмаларын кезекпен басып, бар баласын «дүрліктіреді». Не болып қалды деп алаңдаған тұтқаның ар жағындағы балаларының дауысы ананың жанын бір мезетте жадыратып жібереді-ақ. Кезегін ұмытып кеткен ұлдың қылығын ұмытып кетеді.
Бұдан айтпағым не? Баласының дауысын бір есту де қартайған шағында демге қуат. Түн ұйқысын ұрлағанда, күндіз ғана хабарын білген баласының сергек дауысы құлағында тұрса, текке ойлап уайымдамайды. Сол үшін бар болғаны телефонның бір нүктесін басу керек. Сол нүктеде шексіз бақыттың кілті жатыр. Әрине, түсінген жанға.
Әлеуметтік желілердің кейде осындай ойға жетелейтіні жақсы. Соның бірінде Нұртай Ерназар деген азамат «Әкем үйге келген сайын балаларымның қолына ақша ұстатып: «Мынаны атаңа білдірмей қалтасына салып қой» деуші едім. Олар: «Неге олай істейсіз?» дейді. Мен «ашық берсең алмай қояды, ары-бері жүргенде қалтасында ақша болу керек, зейнетақысы аз ғой» деп түсіндіруші едім. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген рас-ау, қазір қалтамда тұрған басы артық ақшаны байқап қалам. Балаларымның сыйлығы екенін ішім сезеді» деп жазыпты.
Бұл да жүректі жылытады. Келісесіздер ғой?

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды