«Өндіріс» халқына көмектесті

0 56

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Нұрлан Көпешовке «Өндіріс» тұрғын алабы аумағындағы учаске бекітілді. Тұрғындар түрлі мәселелерді көтеріп, депутатқа өтініштермен шығып жатады. Нұрлан Маратұлымен кездесулерде де проблемаларын жеткізеді. Депутат соларға құлақ асып, бұл мәселелер бірте-бірте шешіліп жатыр.

«Өндіріс» халқы бірнеше мәрте тұрғын алап көшелерінде жолды бейнебақылау камераларын орнатуды өтінді. Қорытындысында жолдағы қауіптің алдын алу үшін бюджеттен қаржы бөлінбей, сегіз «Сергек» камерасы орнатылды. «Сергекке» жауапты «Көркем Телеком» ЖШС бұған қосымша екі жылдамдық өлшеуіш пен жолдағы жалпы көріністі бақылайтын тағы екі бейнекамера орнатуды жоспарлап қойды. Депутат бұл жоспардың орындалуын бақылауға алды.
Ал Ақбидай, 14 мекенжайының тұрғындары үйді жөндеуге көмек беруді сұрады. Нұрлан Көпешовтің айтуынша, «Астана Су арнасы» кәсіпорнымен бірге үйдің подъезі жөнделді. Оған бюджеттің қаржысы жұмсалмады. Бұл үй апатты жағдайға жеткен. Басты мәселе кәріз жүйесінде болып тұр. Мұнда ақаулар шықты. Депутат осы проблеманы шешу үшін қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына хат жолдады. Депутатпен кездесуде басқа да мәселелер, соның ішінде абаттандыру жайы көтерілді. Бұл мәселе де назарға алынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =