«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Он жылдан кейін кеш қаламыз

Жолдауға -қолдау

0 225
Мирас ШЕКЕНОВ, Астана қалалық мәслихатының депутаты:

– Бұл жолғы Жолдау толық­тай әлеуметтік бағытта болды. Осыған орай, бірнеше ма­ңызды мәселелерге тоқта­лайын. Біріншіден, Елбасы Жолдауда ең төменгі еңбек­ақы көлемін 28-ден 42 мың теңгеге арттыру туралы айтты. Яғни алдағы уақытта 1,5 млн қазақстандықтардың жалақысы 35 пайызға өседі деген сөз. Бұдан бюджетке айтарлықтай салмақ түсе­ті­ніне қарамастан, мемлекет қарапайым халықтың әлеу­меттік ахуалын жақсарту үшін осындай қадамға барып отыр.
Екіншіден, қолжетімді бас­пана. Бұл орайда алғашқы жарна төлеу мен жәрдемақша өте маңызды мәселе болып табылады. Демек, баспананың қолжетімділігі артады. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасы арқылы көптеген қазақстандықтар үй алады. Елбасымыз айтқандай, алғашқы жарнаға жәрдемақша бөлу арқылы баспаналы болатын азаматтардың саны кө­бейеді.
Үшіншіден, жалпы ішкі өнімді арттыруды бүгіннен қолға алмасақ, 10 жылдан кейін кеш қаламыз. ЖІӨ-нің 10 па­йызын білім беру, денсаулық сақтау, ғылымды өркендетуге жұмсау – аса құптарлық бас­тама. Себебі бұл салалар дамымай, ел де дамымайды. Елбасының өзі мұғалімнің мәртебесін өсіру үшін арнайы заң қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, орта және жоғары білім беруге қатысты да мәселелер сөз болды. Мұғалімдер білімді, білікті болмаса, жастарымыз өзге елдерге оқуға кетеді.
Төртіншіден, 2025 жылға дейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының ұзартылатыны және оған жыл сайын 30 млрд теңге бөлінетіні де көпшілікті қуантты. Өйткені аталған бағдарлама өзінің тиім­ділігін толық дәлелдеді. Сонымен қатар, тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі Елбасының бастамасын атап айтқым келеді. Бұл мақсатқа шамамен 300 млрд теңге бө­лінеді. Бұл қазіргі заманға сын-қатерлерге үн қату деп түсінемін. Өйткені біз шикізат шығаратын елміз. Өзіміздің өндірісімізді өркендеткенде ғана шикізаттық ел деген атау­дан құтыламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды