«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Он отбасын қабылдады

0 23

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 10 отбасын онлайн ­қабылдады.

5dce4559c6124c28bfa3ada095c926a3

«Азаматтарды онлайн қабылдау жұмысын әрі қарай жалғастырамыз. Тағы 10 отбасын қабылдадым. Қабылдау барысында шамамен 30-ға жуық сұрақ қойылды. Сұрақтардың басым бөлігі ТКШ, білім беру, медицина және т. б. салаларға қатысты болды. Мәселен, былтыр біз әлеуметтік нысандар салуда рекорд орнаттық: қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй (арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық), 40 мың оқушы орталығына арналған 15 мектеп, «үй жанындағы дәрігер», 200 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақ, гүлзар, желекжол), 100-ден астам көше салдық әрі жөндеу­ден өткіздік, 9 елді мекенге газ тарату желісін жүргіздік. Мұның бәрі – тұрғындарымыз­бен жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Өткен жылы әріптестерімізбен бірге 5 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдадық» деді әкім.

Қала басшысы биыл да осы деңгейді төмендетпес үшін дайындықтың өткен жылы басталғанын мәлім етті. «Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл тағы 10 мың әлеуметтік пәтер, 16 мектеп саламыз, медициналық орталықтар желісін және басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды кеңейтеміз. Азаматтарды қабылдау, аудандарды аралау, қала тұрғындарымен бетпе-бет кездесу – тұрғындардың пікірін біліп, қаланың даму жолына тың идеялар қосуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы сияқты әлеуметтік орталықтарымыз да оң әсерін береді» дейді ол.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды