Он метрлік аққала

0 13

«Көктал» саябағында ең үлкен аққала салынды. Оның биіктігі – 10 метр.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланың салынуына бюджет қаражаты бөлінбеген. «Елорда әкімдігі мен Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ауданның да, қаланың да көрікті жеріне айналған аққала пайда болды. Жоба авторы – белгілі мүсінші-суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы Сембіғали Смағұлов» деді Ә.Дәуленбаев.
Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққала қаңқасыз жасалып шыққанын мәлім етті. «Аққаланы салу кезінде белгілі бір қиындықтар болды, өйткені қатты аяздың салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылып жатты. Оның биіктігі – 10 метр, шарфының ұзындығы – 20 метр. Қалпақтың орамы – 5 метр» деді Елнар Базыкен.
Елордада салынған аққала Қазақстандағы және ­Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − five =