ОН МЕКТЕП ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ КӨШЕДІ
«Болашақтың мектебі – бүгін» жобасының аясында «оқушының электрондық куәлігі» атты кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілетін 10 мектеп анықталды. Олар – №2, 16, 37, 40, 48, 53, 60, 61, 62, 64.
Қазіргі таңда жоба №54 мектеп-лицейдің базасында сынақтан өтті, онда оқушылар мен қызметкерлердің мәліметтер базасы жасалды және әрбір оқушы «электрондық куәлікке» ие болды. Оған қоса, мектепке осы куәліктермен кіріп-шығатын арнайы турникеттер орнатылды. Айта кету керек, куәлікте оқушының фотосуреті мен ол туралы мәліметтер бар.
Сондай-ақ, мектепте тестілік режимде оқушылардың мектеп ғимаратынан кіріп-шығу дерегі бойынша ата-аналарға sms-хабарлама тарату ісі жүргізілуде. Және www.smartschool.kz әлеуметтік желісі жасалып отыр, оған қазір ресурс тұтынушыларын тіркеу шарасы басталды.