Өн бойы өзгерген өлшемдер

0 103

Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау айтулы саланың сапалық көрсеткішін едәуір жоғары деңгейге көтеріп отыр.

Соңғы үш жылдың көлемінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізіліп, қылмыстардың 20 құрамы, оның ішінде оларды әкімшілік құқық бұзушылықтардың санатына немесе азаматтық-құқықтық қатынастардың саласына ауыстыру жолымен қылмыстық сипаттан арылтты. Бірқатар баптардан бас бостандығынан айыру түрінде жазалау алып тасталды. Кәмелет жасқа толмағандарды жауапкершіліктен босату негіздерінің тізбесі кеңейтілді. Жекелеген экономикалық қылмыстарды ырықтандыру жүргізілді. «Медиация туралы» Заңның қабылдануымен бірге қылмыстық-құқықтық жанжалдарды шешудің не­ғұр­лым ­прогрессивті құралы болып табылатын қалпына келтіру әділеттігінің жаңа институты енгізілді.
Елімізде рақымшылық шарасы өткізілді. Шара барысында 16 мыңнан аса адам, оның ішінде 2628 адам бас бостандығынан айырылып сотталғандар қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудан босатылды. Шартты сот­тал­ған 8039 адамға рақымшылық жасалды. Тер­геушілер мен соттардың іс жүргізуіндегі 4­ мыңнан аса қылмыстық іс тоқтатылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, рейдерлікке, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің, сыртқы және ішкі көші-қон процестерін бақылаудың қосымша құ­қықтық механизмдері енгізілді. Құқық қорғау органдарының функциялары бөлінді және нақтыланды. Баламалы тергеу тиістілігі елеулі қысқартылды.

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы елеулі пысықталып, жетілдіре түсірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көмек көрсететін азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітіліп, іске қо­сылды.

Бүгінгі таңда жаңа құқықтық кеңістікті қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімге жос­парланған ауқымды заң жобалау жүр­гі­зілуде. Жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүр­гізу және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жобалары әзірленіп жатыр. Бұл­ жобаларды әзірлеу барысында Германия, Франция, Түркия, Ресей, Эстония, Латвия секілді елдердің тәжірибелері ескеріліп, жа­ңа мо­дель қалыптастыру жан-жақты қа­рас­ты­ры­лып­ отыр.

Ұйымдастырушылық-тәжірибелік си­пат­тағы шаралар барысына тоқталсақ, құ­қық қорғау жүйесін оңтайландыру жүр­гі­зілді, оның нәтижесінде құқық қорғау ор­гандарының, негізінен орталық және об­лыстық аппараттардың штат саны 15 пайызға қысқартылып, қалалық және ау­дан­дық бөлімшелерді нығайту жұмыстары ат­қа­рылды.

Бірқатар құрылымдық өзгерістерде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне берілді. Сотталғандарды жасақтарда ұстаудан бас тартып, камераларда ұстауға өту басталды. 1200 бірлік мөлшерінде бас­ бос­тандығынан айыру орын­дарынан бо­сатылған адамдармен реформалардағы жұмысын тү­бе­гей­лі өзгертуге бағдарланған проба­ция қызметі ұйымдастырылды. Көші-қон полициясы комитеті құрылды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері ІІМ-нің профильді Комитетінің тікелей бағыныстылығына берілді. Бұл шаралар есірткі бизнесінің ұйымдасқан нысандарын анықтауға, есірткіге қатысты ауыр қылмыс түрлері мен ірі партияларын алуға, есірткі құралдарын жеткізудің транзиттік арналарын жоюға шоғырландыру үшін қабылданған.

Прокуратураның үш өңірлік көлік бөлімшесін біріктіру жүзеге асырылды. Осын­дай өзгерістер ішкі істер органдарында­­ да жүргізілді. ІІМ ведомстволық білім бе­ру мекемелерінің жүйесін үш колледжді институтқа қайта ұйымдастыру және олар­дың ішінен қалған екеуінің базасында полиция қызметкерлерін бастапқы кәсіби даяр­лау училищелерін құру жолымен оң­тай­лан­ды­рыл­ды. «Орталық», «Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік әскери-тергеу бас­қар­­малары құрылды.

Ішкі істер органдары өздеріне тән емес функциялардан босатылды. Атап айтқанда, медициналық айықтырғыштардың, оқшаулау орталықтарының қызметін, кәмелетке толмағандарды оңалтуды қамтамасыз ету, техникалық тексеруді жүргізу және күзет қызметін оңтайландыру жүргізілді. Жүргізуші куәліктерін, мемлекеттік номерлерді берумен және автокөлік құралдарын тір­кеу­мен байланысты қызмет көрсететін 4 мамандандырылған ХҚКО іске қосу жос­пар­ланған. Қазір олардың екеуі Алматы мен Қарағанды қалаларында жұмыс істеп тұр.

Есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша да ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Кеден одағындағы серіктесіміз Ресейде өткізілген реформалардағы сәтсіздіктерді тал­дау барысында қызметтің бір түрінде бағалаудың «кеңестік» критерийлерінің сақталуы жә­не­ қылмыстың жағдайы туралы объективті ақ­­параттың жоқтығы болып та­бы­ла­тын­дығын көрсетті. Сондықтан елеулі ин­тел­лек­туалдық және материалдық ресурстар «адал» қылмыстық-құқықтық ста­тис­ти­ка­ны алу және осы саладағы манипу­ля­ция­ларды жасау себептерін жою үшін қа­жет­ті жағдайлар жа­сауға бағытталған. Криминалдық си­пат­тағы өтініштерді есепке алу мен тір­кеу­дің­ ин­но­ва­ция­лық жүйесі жасалды жә­не қыл­мыс­тарды жа­сыру үшін қылмыстық жа­уап­кер­шілік жүк­телді.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап құқық қорғау органдарын бағалаудың басты ішкі критерийі енгізілді, бұл – қылмыстарды жасыруға себептерді жоққа шығаратын, азаматтардың құқықтарын бұзумен ұш­та­са­тын­ қылмыстарды ашудың жаңа формуласы. Қабылданған шаралар қылмысты жасыруға қарсы күрестің, ол туралы толық және анық ақпарат алудың жолдарын көп жылдар бойы іздестіруге нүкте қойды. Бұл міндет ТМД елдерінің біреуінде де шешілмеген. Нә­ти­же­сінде тәулік сайын тіркелетін қылмыстардың саны 2010 жылғы 250-350-ден келесі жылы 850-950-ге дейін өсті. 2012 жылдың 11 ай қорытындылары бойынша 262 787 (2011 жылы 179 084) қылмыс қылмыс тіркелген. Яғни, соңғы жылда қылмыстарды тіркеу 46,7 пайызға артқаны байқалады. Осы деректерді айғақтайтын қылмыстық істердің басым бөлігі ұрлық жасау(56,1 пайызы), тонау қылмысы (48,9 пайыз), алаяқтық (56,9 пайыз) және бұзақылық (85,4 пайыз) болып отыр. Негізінен осы қылмыстар есепке алудан ең жасырылатын болып келген.

Құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі комиссия құрылып, Үкімет бас­шы­сының жетекшілігімен жұмыс жүргізуде. Рұқсат беру жүйесін және дара кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік ба­қы­лау­ды оңтайландыру жүзеге асырылды. Нә­ти­жесінде рұқсаттар мен лицензиялардың алынуын талап ететін кәсіпкерлік түрлерінің саны үштен бір бөлігіне қысқарды.

Құқық қорғау құрылымдарының ма­тер­иалдық-техникалық базасын нығайту жө­ніндегі шаралар іске асырылып, арнайы мақ­саттағы бөлімшелерді күшейту, олардың қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, әлеу­мет­тік пакетті қамтамасыз ету мәселелері ше­шімін тауып отыр. Арнайы атақтар мен сыныптық шендер үшін қосымша төлемдер әс­кери атақтар үшін төлемдер мөлшеріне дей­ін көбейтілді.
Құқық қорғау органдарын реформалауға қатысты елеулі шараның бірі Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі №292 Жарлығына сәйкес құқық қор­ғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс­ аттестаттау болғаны анық. Өткен жыл­дың­ ма­мыр-қараша кезеңінде өткізілген ат­тес­тат­тау­ға қатысқан 100 мыңнан аса қыз­мет­кердің 16­209-ы немесе 16 пайызы кезектен тыс ат­тес­таттаудан өте алмады.
Бүгінгі таңда құқық қорғау жүйесін а­ры қарай жаңғырту бағдарламасы әзір­ле­ну үстінде. Бұл бағдарлама Мемлекет бас­шысының «Қазақстан-2050» Стратегия­сы:­ қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Жолдауында айқындалған мін­дет­терге сәйкес әзірленетін болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 5 =