Өміршең жобалар қаралды

0 35

Елордада осы күні 245 мыңнан аса жас азамат өмір сүріп жатыр. Олардың 90 мыңға жуығы – студенттер. Қалалық мәслихатта «Депутат күні» аясында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жастар саясатын іске асыру мәселелері талқыланды. Тиісті мәселе бойынша қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек баяндама жасады.

Оның айтуынша, елордада жастармен жұмыс істеуге, соның ішінде жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік «Жол картасы» іске асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жобалар жоспарланды. Соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің түлектерін интернаттан кейінгі қолдау және бейімдеу іс-шаралар кешенінің жобасы, т. б. шаралар бар.
Депутаттар өз тарапынан елорда аумағында жастар саясатын іске асыруға қатысты ұсыныстар айтты. Соның ішінде бас қала жастарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ойларымен бөлісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 14 =