ӨМІР СҮРУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛА!

0 175

Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ұйытқы болуымен  «Өмір сүру мүмкіндігін сыйла!» және «Донор атанып, адам өмірлерін құтқар!» атты  тақырыпта органдар донорлығы мен ерікті өтеусіз қан донорлығын насихаттауға арналған автожарыс өтті.

14b

Айтулы акцияның  мақсаты – еліміздегі донорлық үрдістің пайдасы мен өзектілігін түсіндіріп, көпшіліктің  осыған байланысты қалыптасқан  көзқарасын өзгертіп, тұрғындар назарын аударуды көздеген. Шара аясында жұртшылыққа донорлық туралы жазылған жадынамалар үлестірілді.

Айта кетейік, біздің елімізде көптеген адамдар, соның ішінде балалар трансплантацияға мұқтаж. Әсіресе, бүгінгі таңда бүйрек, бауыр, жүрек және тағы басқа органдарға донорлар тапшы. Бұндай жағдайлардың барлығы  шұғыл саналады. «Біздің трансплантация үрдісіне деген оң көзқарасымыз  басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан донорлық мәселеге тереңірек қараған жөн» дейді ұйымдастырушылар.

Елімізде  қан қызметі де ерікті өтеусіз донорлықты дамытуды қажет етеді.  Орташа есеппен алғанда,  біздегі донорлар саны 1000 адамға шаққанда 18 адамды құрайды екен.  Қон қоры барлық мұқтаж науқастарға жеткілікті болуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  ұсынымы бойынша 1000 адамға шаққанда 50 донорға дейін ұлғайту керек. Бұл үшін ерікті  өтеусіз донорлық әр адам үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Азамат ҚҰСАЙЫН 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 4 =