Өмір нәрінен ләззат ал

0 121

Кеше елордамыздағы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы жанындағы алаңда дәс­түрлі «Өмір нәрінен ләззат ал!» акциясы аясында өтетін функционалдық жаттығулар мау­­сы­мының ашылуы болып өтті. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт бас­қар­масының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет басталған шараға мектеп оқушылары, спорт клуб­та­ры­ның тәрбиеленушілері және өз еріктерімен қосылған астаналықтар қатысты. 

– Бүгінде дене белсенділігінің тө­­мендеу проблемасы белең ал­­ған­дығы баршаға белгілі. Осы се­­­бепті акция қоғам, әсіресе, жас­­­­тар және оқушылар наза­рын де­не белсенділігі мен спорт­­қа ау­дарту мақсатында өт­кізіліп отыр. Сонымен қатар, созыл­ма­лы инфекциялы емес аурулар­дың басты себеп­тері­нің бірі болып табыла­тын ги­по­ди­намия тура­лы жиі айта бас­тадық. Осындай дерттер­дің алдын алу үшін адам­­дарды дене мәдениетіне, са­лауатты өмір салтын ұстануға ба­ла жастан тәрбиелеуіміз керек, – дейді Астана қаласы Ту­­ризм, дене тәрбиесі және спорт бас­қармасы бұқаралық сауық­тыру, денешынықтыру бөлі­мінің жетекшісі Әлия Жақсылық.

Қарапайым тілмен айтқан­да, бұл спорт шарасына қатысушы­ға жас шектеуі қойылмайды. Екін­­шіден, функционалдық жат­ты­ғу­лар өте оңай әрі дене сергітетін қи­мыл­дардан құрал­ған әрі функ­цио­нал­дық тренинг бойын­ша «Worid Class» фитнес орталығы­ның ма­ман­дары халыққа қызмет көрсете­ді. Үшін­шіден, бұл шараны кез кел­ген жерде өткі­зе беруге болады. Бар керегі – көңілді музыка, қаты­сушы­ларды басқа­рып, қандай дене қимыл­дарын жасау ке­ректігін көрсетіп тұ­ратын тәлімгер және ынта. Шара бас­талысымен айна­ласы жарты сағат ішінде Есіл жаға­сында серуендеп жүрген жастар мен жүгіруге шыққан спортсүйер қауым қатарға қосылды. Нәти­жесінде, алаң жастарға толып, мұн­­дай жаттығуларға халықтың қы­зы­­ғу­шы­лығы бар екендігінің куә­­сі болып қайттық.

Ұлттық спорт түрлері және бұ­қара­лық сауықтыру, дене­­шы­нық­тыру клубының дирек­торы Алмас Пошанов та шара­ның жылдан жылға ауқы­мы ке­ңіп келе жатқанын айтады. Мә­се­лен, былтырғы жылы 1000-ға жуық адам қатысқан функ­цио­­налдық жаттығу жиыны ұйым­­дас­­­ты­­рылыпты. Биылғы маусым­да да осындай шаралар жоспарда бар кө­рінеді.
Бір айта кетерлігі, бұл шара алғаш рет Астана қаласында қолға алыныпты. Ұйымдастыру­шылар бұны «жаңғырған ескі» деп те атайды екен. Себебі, ап­­талық жаттығу шаралары бұ­рын өткізіп келген. Бүгінгі таңда Қазақстанның басқа да қала­ларында осындай жаттығу жиын­­дарын өткізу жандана бастапты. Сондықтан, елордадан басталған игі бастама болашақта еліміздің барлық қалаларын қамтиды деуге толық негіз бар.

Енді дерекке көшейік, функцио-налды жаттығуларға алғаш бас­тал­ған 2011 жылы 6500-дей адам қа­тысса, 2012 жылғы маусымда бұл көр­сеткіш 9700-ге дейін жеткен. Ал, биылғы маусым 20 аптадан тұрады. Яғни, 20 апта бойы әрбір жұма күні сағат 19:00 мен 20:00 арасында елор­далықтардың функционалды жат­­тығуларға қатысуына мүмкіндік бар.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 18 =