Омбыда «Абай үйі» бар

0 19

«Отандастар қоры» ҚЕАҚ және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының ұйытқы болуымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің және РФ Омбы облысы үкіметінің қолдауымен онлайн-форматта Омбыда «Абай үйі» атты қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму ­вице-минис­­т­рі Марат Әзілханов, Сырт­қы істер министрлігінің, Омбы қаласындағы Қазақстан ­Республикасы консулдығының өкілдері, сондай-ақ «Отандастар қорының» басшылары, «Омбы қазақтары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және т.б. қатысты.
Кездесу аясында қазақ мәдени-іскерлік үйінің таныстырылымы өтіп, Ресейдегі ағайындардың мәдени, іскерлік және білім беру қыз­метін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Жиын барысында қазақ мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, шетелдегі отандастармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайтудың мақсаты мен міндеті айтылды.
«Абай» мәдени-іскерлік үйі төрт бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші, мәдени-гуманитарлық және қазақ тілін үйрету жобаларын қамтыса, екінші, «Атамекен» іскерлік бағыты бойынша қандастардың екі жақты тиімді бизнес жобаларына қолдау көрсетеді. Үшінші, «Жас қазақ» бағыты арқылы әлемдегі жас қандас бауырларды елге тарту, бірлес­кен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Төртінші, «Атажұрт» бағыты арқылы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тың қауымдас­тығын құрып, өзара ақпараттық ынтымақтастықты арттыруды мақсат етеді.
Айта кетейік, жыл соңына дейін «Отандастар» қоры Қырғызстан, Өзбекстан, ­Германия мен Түркиядан «Абай үйін» ашуды жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 16 =