ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНА ӘН ҚАЛДЫРҒАН

0 188

Абайдың көзі тірісінде ең алғаш болып шығар­ма­шы­лығы туралы қалам тартқан – философ, ақын, замандас­тары «әулие» деп мойындаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев. 1889 жылы «Дала уәлаяты» газетінің №48 санында «Жаз», «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңдеріне коррес­понденция жасаған. ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов, Кәкітай Ысқақов, Сұлтанмахмұт Торай­ғы­ров,­ одан берірек Кеңес заманы­ның­­ басында Міржақып Дулатов,­ Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағ­жан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Халел Досмұхамедов, Ғаб­драх­ман Сағди, Құдайберген Жұбанов, Алексей Белослюдов, Сәбит Мұқанов сынды зиялылар­ ақынның өмірі, қоршаған ортасы,­ шығар­ма­шы­лығы, дүние­тану дана­лығы, көркемдік әлемі мен фило­со­фия­сының қырларына қатыс­ты ой қозғаған. Белгілі абайтану­шы,­ фи­ло­логия ғылымының док­то­ры Мекемтас Мырзахмет «Абай­тану тарихы» (Алматы: «Ана тілі»,­ 1994. 192-б) деген­ еңбегін­­де­ Абай мұрасының зерт­телуі­ туралы жазылған құнды дерек­тер­ мен архив қазыналарын егжей-тегжейлі екшеп, Абайтану тари­­хы­­ның қал­ып­­та­су жағдайын сала-салаға бөліп баяндаған. Бір ғасыр­дай уақыт­та ақын мұрасын танып, баға­лау жолындағы жетіс­тік­тер мен­ кем­ші­лік­терді бүгінгі күн тұрғысынан таразылан­ған. Сөз басында «Абай мұрасын тану, бағалау жайлы зерт­­теу­­лік пікір­­лер 1889 жылдан бас­тап рес­ми баспасөз­дерде­ жария­­ла­ну, танылу тарихын ғылыми тұр­­­ғы­­дан біртіндеп аша түсу әре­кеті біздің әдебиетімізде өткен ғасыр­­дың­ елуін­ші жыл­да­ры­нан сөз етіле бастады» дейді ол. Біздің оқы­­ған­­да­р­ы­­мыз­­дан біле­ті­ні­міз, Абай өз өлеңдеріне әу баста онша мән берме­ген­дігі.

Абай әндерінің бізге жеткендері қазақ му­зы­ка­сы­на жаңа леп қо­са,­­­ сол­ заманның өз­ін­де-ақ­ ел­ден­­ елге шапшаң тарады. Орыс ориен­­та­­лис­­терінің пайымын­ша,­­ Абай­ Құ­нан­баев­тың кейбір өлеңдері әнмен таралып, авторы беймәлім халық­тық­ репертуарға айналып кет­кен.­ Абай әндерінің эстетикалық маңызы – мақамының поэзия құры­­лы­­мы­­мен біртұтас бітіп, үн­дес­­тік­те келісу жаңашылдығы. Ақын сөзімен айтқанда, «жұп-жұмыр, бүтін кел­сін­ айналасы».

Абайдың бала кезінде Құнанбай шаңырағында Дулат жырау мен Байкөкше ақындарды қонақ етіп, өлең айтқызып, бір ай бойы үздіксіз тыңдауы, кейінірек Біржан сал мен Әсет ақынды әдейі шақыртып, бір­не­ше ай ауылында болдырып,­ әйелі Әйгерімді, жанындағы шәкірт­­те­­р­ін­ ән үйренуге қосуы «Әнді сүй­сең, менше сүй» деген тұжы­ры­­­мы­­на дәлел.
Медреседе тіл сындырған Абай, «Қырағат оқуын» меңгерген. Ал,­ «Қырағат оқуы» мақаммен оқы­ла­ды. Ол мақам – айқайдан, дек­ла­ма­­ция­дан, жасанды елірме екпін­нен­ аулақ, сөз бен үннің үндесу про­це­­сі­­нен туындайтын құбылыс. Осы­ ретте әркімнің өзіндік, ішкі «мені» сөз, әуез құдіретімен үнде­се­ді.­ Абай әндерінің байсалды, орнық­­ты, мәтінмен анық үйлесіп жатуын­ шариғат мақамдарының тәр­бие­­сі­­мен қа­лан­ған­дығы деп айту­ға негіз бар.

1889 жылы Абай А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан­ «Онегиннің өлер алдындағы сөзі»­ мен «Татьянаның Онегин­ге­­ жаз­­ған­ хатын» аударып, әуенін қоса шығарады. А.Пушкин поэма­сы­ның­ геройларының әсері қазақ әндері тари­хына «Қыз сөзі», «Жігіт­ сөзі»­ бо­л­ып енді.

Ең көне жанрлар тобына жататын халықтық-тұрмыстық әндер – про­фес­сио­нал­дық өнердің қалып­­­та­­суы­­нан көп бұрын, халық­тың­ қай­­на­ған ортасында туды. Қ.Жұбанов Абай­дың ал­дын­дағы­ әде­биет мәсе­ле­сі туралы: «Ата мұрасы бол­ып Абайдың енші­сі­не ти­ген­ әде­биет­ қазынасы екі­ түр­лі болатын:­ бірі­ – ем­шек­ сү­ті­­мен қатар құла­ғы­на­ кіріп, сүйе­гі­не сіңген ананың «әлди-әлди, ақ­ бөпемі», атаның «сал-сал білек, сал білегі», қой­шы­ның әні, қыз­дың­ сың­суы, қаралы қатынның жоқ­тау­ы­нан бас­тап, көркемдік сезі­мін шар­бы­­дай­ шыр­ма­ған халық әдебиеті. Екін­ші­сі – шағатай әде­бие­ті. Абай­дың алды осы екеуі ғана. Абай­дан бұрынғы қазақ әде­бие­ті бұл екеуінің шара­сы­нан шығып көрмеген» деп жазған. Бұдан бай­қай­ты­ны­мыз, халық әде­бие­­ті­­нің құра­мын­да­ғы­ жо­ға­ры­­да­ғы аталған­дар­дың барлығы әуен­мен айтылса да, Қ.Жұбанов «әде­биет қазы­на­сы­ның­ бірі» деп, жалпы­лай айтады. Қалай десек те, абай­та­ну­шы­лар негізінен Абайды сөзінен іздейді, Абай мұрасын танып білу, түсіну үшін не керек еке­нін талдап, қорытындылап бере­ді. Мәселен, Мекем­тас Мыр­зах­­мет­ұлы: «Абай­дың­ дүниеге көзқа­ра­сы­ның ауқы­мы­ кең, саласы мол.­ Әсіресе, оның эсте­ти­калық дүние­та­ны­мы негі­зі­нен­ поэзия тілі­мен берілсе де, қазақ қауы­мы­ның­ ой-санасында тұңғыш рет тео­рия­лық тұрғыдан айтылып,­ жа­зы­­лу­­мен ерекшеленеді… Өз ортасы мен дәуірінің өресі жет­пе­ген жаңа­лы­ғы боп табылатын­ эс­те­ти­калық ойдағы соны да тың­ көз­қа­ра­сы­мен, кемеліне жетіп, толысқан ақын­­дық­ бағ­дар­ла­масымен келіп қосыл­ды» деп, «Өлең – сөз­дің патшасы, сөз – сарасы», «Біреу­дің­ кісісі өлсе, қаралы – ол», «Мен­ жаз­­бай­­мын өлеңді ермек үшін», «Көңіл құсы құйқылжыр шар­та­рап­­қа», «Құлақтан кіріп, бой­ды алар», «Адамның кейбір кез­дері»,­ «Ба­зар­ға қарап тұрсаң, әркім барар»,­­ «Сегіз аяқ» сынды өлең­де­­рін тар­­қа­­тады.

Орта ғасырларда компози­тор­лық­ шы­ғар­ма өнер саласында ерек­­ше­ ма­ман­дық ретінде толық қалып­­та­­сып,­ адам баласы ой-арман­да­рын, сезімін, көңіл-күйін бейнелеп беру мүмкіндігі едәуір кеңи түсті. Жаңа жанрлар пайда бола бастады. Қазақ­тың халық әнде­рі­не тән, әнші-жыр­шылар өзде­рін­­ше түрлендіріп қол­данатын а-ха­-хау, е-еһ-ей!, хай-ләй-лім сын­ды екпінді «әлқисса», тап­тауы­­рын, шолақ мәтіндер Абай дүние­сін­де кездеспейді.

Абай туралы деректерді жинап,­ жария­лау­шылардың бірі Ілияс Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетіне басылған «Абай кітабы» деген мақаласында тұшымды ой тас­тай­ды. «Абайдың алды-артындағы ақындардан артық­шы­лы­ғы: өлең, жырларын неше түрлі күй сымбал­да­рына салғандығы, кейінгі жазушылар Абайдың күйін көп қол­да­нып жүрсе де, Абайдан артық күй тапқан жоқ. Аспақ түгіл, кейбір тәтті күйіне өлең өл­шем­ де жаза алған жоқ (мәселен, «Сен мені не етесің»), Абай қазақ әде­бие­тіне тіл жағы­нан­ үлгі болса, күй жағынан да үлгі» дейді. Абай кітабын бастыруда орын алған кейбір жаңсақтыққа, сөз­дер­дің бұрмалануына сын айтып, «Абай сөздерін түзетсек, жазушыға қия­нат­ қылған боламыз. Абай халық­­тың өз рухы тілімен сөйлеген ақын» деп Абай шығармаларын бас­­ты­руда түпнұсқаны бұлжытпай өз­ қалпында беруді талап етті.

(Жалғасы бар)
Сымбат МҮТАЛАПХАН,
Жазу тарихы музейінің
бас маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =