Олимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеру Астанаға келіп жетті

0 99

000000000000000000000000000000000000000000000000000000

Бүгін елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және олимпиадашылар мен паралимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеруге қатысушылар туды астаналық байкерлерге табыстады. Марафон 6 шілде – Елорда күнінде Алматыдан басталып, еліміздің батысына жол тартты.

Эстафета Қазақстанның барлық қалаларын қамтиды және Риодағы Олимпиада ойындары басталатын күні – 5 тамызда Алматыда аяқталады. Мотошерудің ұзындығы – 7 мың км жуық.

«Мотошеру еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, келесі айда Бразилияға баратын олимпиадашыларды қолдау мақсатында өтіп жатыр. Меніңше, шара спортшыларымызға рух беріп, олар дүбірлі додада лайықты өнер көрсетеді», – дейді Қазақстан географиялық қоғамының және Қазақстан Байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин.

Мотошерудің туына еліміздің спортшылары өз қолдарын қоятын болады.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =