Олимпиадаға 3 күн қалды

0 26

Еліміздің олимпиадалық командасының негізгі бөлігі Токиоға барып, жайғасып үлгерді. «Ақбұлақ» олимпиа­далық базасы екі апталық карантинде болғандықтан, спортшылар Олимпиада алдындағы жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізген.Ұлттық құраманың қалған 43 мүшесі Токиоға 28 шілде күні аттанбақ. Өз тарихында тұңғыш рет көрерменсіз өтетін дуы басым додада карантин талаптары қатаң сақталады. Спортшылар жайғасқан Олимпиада ауылында да санитарлық нормалар басты назарда. Атлеттерге Олимпиадалық ауыл мен жаттығу және спорт залдарының арасындағы маршруттан ауытқуға тыйым салынған. Сондай-ақ олар күн сайын ПТР тест тапсырады. Әрі спортшылар жүрген орны мен денсаулық жағдайын бақылайтын бірнеше қосымшаны ұялы телефонына орнатуға міндетті.
Токиодағы ұлттық құраманың шеф-де-миссионы Елсияр Қанағатов да Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті қызу тіршілікке кіріскенін алға тартады.
– Жапония Олимпиадаға жақсы дайындалған екен. Дайындық кезінде пәлендей бір қиындық тудырған жоқ. Спортшыларға жақсы жағдай жасалған деуге әбден болады.
Делегация мүшелерінің де қалада қыдыруына да рұқсат жоқ, – дейді Е.Қанағатов.
Соған қарамастан, Олимпиадаға қатысы бар 10 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 3 науқас Олимпиада ауылында тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + nine =