Олимпиадада күй шертеді

0 10

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдап, Лондонда өткен дəстүрлі Golden Time Talent халық­аралық фестивалінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Жүздесу кезінде Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз байқаудың ақтық кезеңіне дайындық барысы қалай жүргені жайында айтып, топтың шығармашылық жоспарымен бөлісті.
Министр Golden Time Talent халықаралық фестивалінің жеңімпаздары еліміздің Токио Олимпиа­дасындағы мәдениет бойынша амбассадоры атанғанын хабарлады. Сонымен қатар министрлік музыкада өзіндік жолын қалыптастырып келе жатқан жас дуэтті қолдауға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ Мəдениет жəне спорт министрі Қазақ ұлттық өнер университетін тәмамдаған қос өнерпазға шығармашылық шабыт, толайым табыстар тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 2 =