ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ – ЖЕТКІНШЕКТЕР ОРТАСЫНДА

0 119

№66 мектеп-лицейдің оқушылары мен ұстаздары ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильинмен кездесті. «Шаттандырған, мақтандырған сол күндер» атты шараның мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, патриоттық сезімге баулу.

Басқосуда алдымен көпшілікке даңқты спортшының өмірдерегі таныстырылды. Сегіз жасында облыстық арнайы балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтерін дайындау мектебіне қабылданғаннан соң Ильяның спорттағы жолы басталады. Ол 2005-2006 жылдары-ақ екі дүркін Әлем чемпионы атанған.

Жиынды оқушылардың «Жаса, Қазақстан!» атты спорттық-музыкалық қойылымы жалғады. Мектеп директоры Айтжан Шаях­метова ел намысын ту етіп көтерген спортшыға жылы лебізін білдіріп, сый-сияпат жасады. Жеткіншектер Олимпиада чемпионына сауалда­рын қойып, жан-жақты жауап алды.

Лариса АЛДАБЕРГЕНОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 5 =