©2020 Астана Ақшамы
Олимпиада жалауы желбіреді
Кеше Қытай астанасы Бейжіңде ХХІV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы көтерілді. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі сайыстың ашылу салтанатына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
«Құс ұясы» стадионында өткен шеруде Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалинев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова көтеріп шықты.
Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен жарыстар өтеді. 109 алтын медаль сарапқа салынады. Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады.