Олимпиада ойындарын үш телеарна көрсетеді

0 99

Алдағы жұма күні, яғни, 5 тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрткүл дүние көз тігетін дүбірлі жарысты қазақстандықтар үш телеарна арқылы тамашалай алады.

Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеге Қазақстаннан 104 спортшы аттанды. Ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың жарыстағы көрсеткіштері мен әсерлі сәттері «Қазақстан», «Хабар» және «Қазспорт» телеарналары арқылы көрсетілетін болады. Әлем атлеттерінің сайысын қазақстандық жанкүйерлерге дереу әрі қызықты етіп жеткізу үшін отандық үздік спорт журналистері тартылып отыр.
«Қазспорт» арнасы алғашқы рет Рио-деЖанейродан тікелей студия ұйымдастыратын болады. Тікелей бағдарламаға Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткен спортшылар, спорт қайраткерлері, бапкерлер, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері шақырылатын болады. Спорт арнасы Олимпиада ойындарынан кейін деректі фильм жасауды да жоспарлап отыр.
«Астана ақшамы» газеті де Рио ойындарынан жаңалықтарды үзбей беретін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + twenty =