Олимпиада көрерменсіз өтеді

0 15

23 шілде күні Токиода жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Спорт әлеміндегі ең беделді сайыста күш сынап, ел мерейін үстем етуді мақсат еткен қазақстандық спортшылар күншығыс еліне осы аптада аттанады.Қазақстанның ұлттық құрамасының еншісінде қазір 27 спорт түрінен барлығы 96 жолдама бар. Дүбірлі додада Қазақстанның мемлекеттік туын жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев алып шығады.
Жалпы Токио төріндегі спорттық бәсекеде жалпы саны 339 медаль сарапқа салынады. Биылғы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтпек. Алғашында Олимпиада ойындарына шетелдік жанкүйерлердің қатысуына тыйым салған. Алайда пандемияның салдарынан енді жарысқа жергілікті көрермендер де қатыса алмайтын болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 4 =