Өлеңменен өрнектелген бас қала

0 170

SAM_9714

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте «Аспаны ашық, Алашы ғашық Астана» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Білім басқармасының ұйымдас­тыруымен өткен байқауға 30-дан аса үміткер қатысып, әрқайсысы өздері шығарған екі өлең оқыды. Жас ақындарға бұл күнде поэзиясы жұртшылыққа танылып қалған белгілі ақындар Ербол Бейілхан, Әліби Манаш, Айжан Тәбәракқызы, Айдана Сегізбаева қазылық етті. Нәтижесінде жоғары сыныптар арасында бас жүлдені №48 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Гүлназ Құрбан, ал ортаншы сыныптар арасында Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Хамит Әділжан қанжығасына байлады. Білім басқармасының әдіскері Күнімбала Ізтілеуқызы аталмыш жыр мүшайрасы жылма-жыл өткізіліп тұрса деген тілек білдіріп, мектеп әкімшілігіне алғысын айтты. Еңселі елорданы жырға қосқан қатысушыларға жас ерекшеліктеріне қарай жүлделі орындар беріліп, дипломдар табысталды.

Бекмұрат ӨМІРБЕК,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 4 =