Ойыншық таңдарда ойланыңыз!

0 86

«Екі мен үш жас аралығында біз баланың тілін дамытуға, яғни сөздік қорын молайтуға бар күшімізді салу керекпіз. Отбасы, транспорт, жеміс-жидектер, сонымен қатар далада, ас бөлмесінде осындай тақырыптарға байланысты ойыншықтарды таңдап, үйде осы ойыншықтарымен ойнатып, балалардың сөздік қорын жетілдіре аласыздар, ал енді үш жастан кейін, мәселен, қыз бала өзін қуыршақпен теңестіреді. Сол себепті ойыншық таңдау барысында балаңызға не жақын, соны алғаныңыз жөн» деді психолог Гүлмира Мұқанова.Cәби дүниетанымының дамуында ойыншықтың әсері мол. Бала сол ойын­шықтарының көмегімен қоршаған ортаны таниды. Сондықтан базар, дүкен сөрелерінде самсаған түрлі түсті осы тауарлардың қауіпсіздігіне назар аударған жөн.

Мамандардың айтуынша, алдымен ойыншықтың сыртқы пішініне, оның жабысқақ болмауына назар аудару қажет. Қолмен ұстағанда бояуы жұқпауы тиіс. Себебі бала, әсіресе кішкентай сәби, әр нәрсені аузына салады, ал сілекеймен бірге зиянды бояу ішкі құрылыстарына түсіп, денсаулығына зиян келтіреді.

«Сауда желісіндегі ойыншық өнімдерінің сертификаты болуы керек. Сондай-ақ оның сыртқы бейнесіне назар аударған жөн. Бала аузына салатын, жұтып қоятын ұсақ бөлшекті ойыншықтардан аулақ болған дұрыс» деді «Қазстандарт» стандарттау департаментінің басшысы Салтанат Кәріпжанова.
Ойыншық баланың жасына сәйкес болу керек, қағазында міндетті түрде қанша жастағы балаға бұл тауармен ойнауға болатыны, қауіпсіздік кеңестері, шығарылған күні болуы керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + nineteen =