ОЙЫН СОҢЫНДАҒЫ ОСАЛДЫҚ

0 86

Өткен аптада Қазақстан премьер лигасының 20 тур ойындары аяқталды.

Тур барысында  Бабаян бастаған «Астана» командасы өз алаңында «Атырауды» қабылдап, ұтылып қалды – 1:2. Ойынның 26 минутында алаң иелері сапынан Зелао есеп ашқанымен, 39 минутта Абдулин нәтижені теңестіріп кетті. Матч аяқталуға үш минут қалғанда Щеткин «Атырауды» жеңіске жеткізген голды салды.

Сондай-ақ, «Жетісу» өз алаңында «Таразды» қабылдап, екі команда 1:1 есебімен тең тарқасты. Оралда өткен «Ақжайық» пен «Восток» командалары арасындағы ойында есеп ашылмады. Ал, «Шахтер» өз алаңында 1:3 есебімен  «Ордабасыдан» ұтылды. «Ертіс» бір голмен «Тобылдан» басым түсті.

«Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесуде Марат Хайруллин 50-ші минутта алаң иелерін алға шығарғанымен, 71 минутта Землянухин таблодағы нәтижені теңестіріп кетті. Есеп – 1:1.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =